Иранда теріс әсерлері жоқ темір препараты өндіріледі
Қаң 29, 2019 19:22 Asia/Almaty
Ирандық зерттеушілердің талпыныстарымен ағзадағы темір жетіспеушілігін емдеу үшін жаңа дәрі өндірісінің линиясы іске қосылды.
Ион құрылымына ие темір препаратын ашқан Омид Раджаби осы дәрінің тұсаукесер рәсімінде зерттеу жұмыстарының 12 жыл бұрын басталғанын, қазір оны өндіру формуласының толық аяқталғанын айтты.
Омид Раджабидің айтуы бойынша бұл дәрінің өндірісі толығымен емдік өсімдіктерге негізделген. Раджаби көп адамдардың темір жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін тістерін қарайтатын, ас қорыту жүйесіне теріс әсер ететін дәрілерді қолданатынын айтты. Ион құрылымына ие темір препараты аталған теріс салдарлардың ешқайсына ие емес.
Тегтер