Иран – әуе-ғарыш технологиясы саласында аймақта көшбасшы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41082-Иран_әуе_ғарыш_технологиясы_саласында_аймақта_көшбасшы
Иранның Әуе-ғарыш ұйымының басшысы Мортаза Барари ИИР-ның зерттеушілерінің талпыныстарымен әуе-ғарыш технологиясы саласында аймақта бірінші, әлемде 11 орын алғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 29, 2019 16:50 Asia/Almaty
  • Иран – әуе-ғарыш технологиясы саласында аймақта көшбасшы

Иранның Әуе-ғарыш ұйымының басшысы Мортаза Барари ИИР-ның зерттеушілерінің талпыныстарымен әуе-ғарыш технологиясы саласында аймақта бірінші, әлемде 11 орын алғанын хабарлады.

Иранның Әуе-ғарыш ұйымының басшысы Мортаза Барари бүгін, сейсенбі күні Иранның спутник жобалап, өндіруде, зымыран атқыш жобалап, өндіруде, спутникті басқарып, бақылайтын станса жобалап, оны салуда және спутниктік қабылдау мен спутниктен келіп түсетін мәліметтерді өңдеу стансаларын жобалап, салуда жетістікке жеткенін әрі онлайн түрде спутниктен мәлімет ала алатынын айтты.  

Барари бүгінде әуе-ғарыш саласында 30 университеттік-зерттеу орталығының мамандарды оқытып жатқанын, ұйымның міндетінің әуе-ғарыш саласын  дамытып, мамандарды жұмыспен қамту екенін мәлімдеді.