Иранның әуе қорғанысының жетістігі әлемде бұрын-соңды болмаған оқиға
ИИР Армиясы Бас қолбасшысының кеңесшісі әрі көмекшісі бригада генералы Фарзад Исмаили қасиетті қорғаныс кезіндегі Иранның әуе қорғанысы жетістігінің әлемде соңғы 100 жылда бұрын-соңды болмаған оқиға екенін қуаттады.
ИИР Армиясы Бас қолбасшысының кеңесшісі әрі көмекшісі Фарзад Исмаили сәрсенбі күні "Меһр" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның әуе қорғанысының жетістігі мен дамуы туралы сөзінде Иранның әуе кеңістігін Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ICAO) Батыс Азия аймағындағы ең қауіпсіз аспан деп атағанын, бұл тақырыптың Иранның әуе қорғаныс жүйелері жұмысының табыстылығын көрсететінін айтты.
Бригада генералы Исмаили Иранның әлемде ғарыштық толқындармен 2500 километрден астам жерді зерттей алатын дамыған радарлар шығаратын алтыншы мемлекет екенін, ИИР-на қарсы шабуыл жасауды көздейтін кез келген мемлекеттің өкінішке ұшырайтынын баса айтты.