Иран Венесуэланың ұлттық келіссөздерін қолдайды
(last modified Wed, 30 Jan 2019 07:22:06 GMT )
Қаң 30, 2019 13:22 Asia/Almaty
  • Иран Венесуэланың ұлттық келіссөздерін қолдайды

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Амир Абдоллаһиан сейсенбі күні Теһрандағы Венесуэла елшісі Карлос Антонио Алкала Кордонеспен кездесуінде Иранның Венесуэланың заңды үкіметінің жағдайын тұрақтандыруға, қайшылықтарды ішкі топтардың келіссөздері секілді бейбіт жолдармен шешуге бағытталған барлық бастамаларын қолдайтынын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хосейн Амир Абдоллаһиан АҚШ-тың Венесуэланың ішкі істеріне араласуын айыптап: "Басқа елдердің ішкі істеріне тікелей араласу Ақ үйдің сыртқы саясаты стратегиясының біріне айналды",- деді.

Амир Абдоллаһиан Иран мен Венесуэланың қарым-қатынасын жақын әрі достық қатынас деп бағалап, Иранның Венесуэланың заңды Президенті Николас Мадураны қолдайтынын баса айтты.

Теһрандағы Венесуэла елшісі де кездесуде ИИР-ның Венесуэла үкіметі мен халқына қолдау көрсетуіне алғысын айтып, Вашингтонның наразы топтарды арандатып, Венесуэланың мұнай қоры мен байлығына үстемдік еткісі келетінін мәлімдеді.