INSTEX-ті іске асыруды FATF-пен байланыстыруға болмайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41161-instex_ті_іске_асыруды_fatf_пен_байланыстыруға_болмайды
ИИР Еуропаның Иранмен сауда байланыстарын жүргізу туралы арнайы қаржы желісін (INSTEX) іске қосуды Ақшаны жылыстатумен күрес халықаралық ұйымының (FATF) негіздерімен байланыстыруды қабылдамайды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 05, 2019 11:43 Asia/Almaty
  • INSTEX-ті іске асыруды FATF-пен байланыстыруға болмайды

ИИР Еуропаның Иранмен сауда байланыстарын жүргізу туралы арнайы қаржы желісін (INSTEX) іске қосуды Ақшаны жылыстатумен күрес халықаралық ұйымының (FATF) негіздерімен байланыстыруды қабылдамайды.

Еуроодақ дүйсенбі күні АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты шешіміне қарсы болғанымен бұл елдің ИИР-на қарсы басқа уәждеріне қосылды.

Иран Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні Еуроодақтың ұстанымына реакция білдіріп: «INSTEX іске қосылғанымен еуропалық тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қалай орындауы  Иран мен олардың алдағы қарым-қатынасты реттеудің негізгі факторы болады»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ, Иранның қорғаныс жұмыстарының тек тежеу мақсатты көздейтіндігіне тоқталып, Иранның еш уақытта бұл салада басқа елдермен келіссөз өткізбейтінін қуаттады.

Мәлімдеменің жалғасында Иран тәуелсіз мемлекеттерге қарсы адам құқығы мәселесін саяси құрал ретінде пайдалануды айыптап: «Дағдарыстың негізгі себебі сионистік режим мен саудиялық коалицияның Йемендегі қылмыстары саналатын аймақта Еуроодақтың Иранға қарсы ұстанымын қабылдауға болмайды»,- деді.