Иранның нанотехнология өнімдері әлемнің 45 еліне экспортталады
Иранның Нанотехнологиялық даму штабының хатшысы Саид Саркар елдің нанотехнология өнімдерінің әлемнің 45 еліне экспортталатынын хабарлады.
Саид Саркар сәрсенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігінің 2-ші арнасына берген сұхбатында ИИР-ның ғылым өндірісінің сапасы мен саны тұрғысынан Қытай, АҚШ пен Үндістаннан кейін әлемде төртінші орын алатынын айтып: "Иранның құны 62 млн доллардан асатын нанотехнологиялық өнімдері 45-тен астам елге, соның ішінде Оңтүстік Корея, Аустралия, Қытай, Индонезия, Малайзия, Ресей, Түркия, Германия, Ұлыбритания мен Францияға экспортталады",-деді.
Саид Саркар жақын болашақта елдің нанотехнологиялық өнімдері экспортының 110 млн доллардан асатынына тоқталып, Иранның нано саласындағы өнеркәсіптік машиналарды Оңтүстік Корея, Аустралия мен Қытай сияқты елдерге экспорттайтынын мәлімдеді.