Биылғы 22 баһман шерулері бұрынғы жылдардан да салтанатты өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41191-Биылғы_22_баһман_шерулері_бұрынғы_жылдардан_да_салтанатты_өтеді
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи биылғы 22 баһман күнгі шерулердің халықтың қырағылығы және жаппай қатысуымен бұрынғы жылдардан да салтанатты өтетінін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2019 15:16 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи биылғы 22 баһман күнгі шерулердің халықтың қырағылығы және жаппай қатысуымен бұрынғы жылдардан да салтанатты өтетінін қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, жұма күні Армияның әуе, әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшылары және қызметкерлерімен кездесуінде әскерилердің ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейниге адалдықтарын жариялайтын тарихи күн – Ислам революциясының жылдығы 22 баһман шерулеріне халықтың жаппай қатысуын дұшпанды сәтсіздікке ұшырату және ұлттық бірліктің көрінісі деп атады. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимін қатыгездік, дағарыс пен соғыстың көрінісі деп атап: «АҚШ режимі араласуы мен қылмыстарын жалғастыруын тоқтатпайынша, Иран халқы «АҚШ-қа өлім!» деген ұранды тоқтатпайды»,- деді. Аятолла Хаменеи еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу және Еуропа мен Иран арасында арнайы қаржы механизмін іске қосу ұсыныстарына сенбей, қырағылық танытуға кеңес беріп: «Осыдан бірнеше жыл бұрын ядролық мәселеге қатысты келіссөздерде ел басшыларына АҚШ-қа сенім артпау туралы баса айтылды. Келіссөздерге қатысқан басшылардың өздері бүгінде АҚШ-қа сенім артуға болмайды деген нәтижеге жетті»,- деді.