Иран зымырандық жұмыстарын жалғастырады
АҚШ басшыларының Ирандағы дәстүрлі ғарыш және зымырандық бағдарлама туралы жуырда айтқан негізсіз сөзіне реакциясында ИИР зымырандық қуатының талқыланбайтынын айтты.
Баһрам Ғасеми ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ басшыларының Иранның зымырандық бағдарламасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзатыны туралы уәждерін үлкен өтірік деп атап, Иранның зымырандық жұмыстарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ешбір қарарына, соның ішінде №2231 қарарына қайшы еместігін айтты.
ИИР СІМ‑нің ақпарат хатшысы Ғасеми: «АҚШ халықаралық келісім «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан асығыс әрі қисынсыз шығып, әлемдік деңгейде оқшау қалған соң осындай мәселелерді көтеру арқылы өзінің ядролық келісімге қатысты стратегиялық қателігін жасыруға тырысады.
Америкалықтар осындай қарым‑қатынас пен қысым арқылы Иран халқын таңдаған жолынан тайдыра алмайды. Иран ұлттық күш‑қуат, соның ішінде тежегіш сипатқа ие зымырандық қабілетін нығайту жолын зор ерік‑жігермен жалғастырады. Зымырандық қуат Иранды басқыншылардың сұрқия мақсаттары алдында күшейте түседі»,‑деді.