Харрази: Иран аймақтағы барлық елмен сұхбаттасуға әзір
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41212-Харрази_Иран_аймақтағы_барлық_елмен_сұхбаттасуға_әзір
ИИР-ның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы сенбі күні Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Иранның аймақтағы барлық елмен сұхбаттасуға әзір екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 10, 2019 13:56 Asia/Almaty
  • Харрази: Иран аймақтағы барлық елмен сұхбаттасуға әзір

ИИР-ның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы сенбі күні Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Иранның аймақтағы барлық елмен сұхбаттасуға әзір екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Камал Харрази аймақ елдерінің бір‑бірімен сұхбаттасуы керектігін, аймақ елдерінің шетелдіктердің араласуынсыз бейбітшілік пен қауіпсіздікке жету үшін ұжымдық шешім қабылдауы керектігін айтты.

Харрази Иранның экономикалық және ғылыми‑технологиялық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін, ИИР-ның аймақ елдерімен өзінің 40 жылдық тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін мәлімдеді.

Харрази ИИР‑ның аймақтағы рухани және мәдени ықпалына тоқталып, Иранның араб және басқа да елдердің көбіне шабыт беретін үлгіге айналғанын, өйткені бөгделердің қолдауынсыз даму мен өзгеріске қол жеткізгенін қуаттады.