Иранда алғашқы ультрацентрифуганың тұсаукесер рәсімі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41252-Иранда_алғашқы_ультрацентрифуганың_тұсаукесер_рәсімі_өтті
Ирандық ғалымдар жасаған алғашқы ультрацентрифуганың (Ultra Centrifuge) тұсаукесер рәсімі өткеннен кейін АҚШ пен Жапонияның осы құрылғыны жасаудағы монополиясы жойылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 14, 2019 16:29 Asia/Almaty
  • Иранда алғашқы ультрацентрифуганың тұсаукесер рәсімі өтті

Ирандық ғалымдар жасаған алғашқы ультрацентрифуганың (Ultra Centrifuge) тұсаукесер рәсімі өткеннен кейін АҚШ пен Жапонияның осы құрылғыны жасаудағы монополиясы жойылды.

Ультрацентрифуга – тамақ пен дәрі-дәрмек өнеркәсібінде қолданылатын құрылғы. Бірақ оның басты қолданыс аясы зерттеу, мұнай-газ және мұнай-химия салаларында әртүрлі тығыздықтағы молекулаларды бөлшектеу болып табылады.

Әлемде ультрацентрифуганың әртүрлі үлгілері жасалған. Алайда бір минутта 60 мың айналым жасайтын үлгі тек АҚШ пен Жапонияда шығарылатын. Бұдан былай бұл үлгі Иранда да жасалынады.