Сақшылар корпусы қызметкерлеріне шабуыл Иран халқы дұшпандарының дәрменсіздігін көрсетеді
(last modified Thu, 14 Feb 2019 14:34:47 GMT )
Ақп 14, 2019 20:34 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы қызметкерлеріне шабуыл Иран халқы дұшпандарының дәрменсіздігін көрсетеді

ИИР Президенті Рухани Иранның оңтүстік-шығысында Хаш-Заһедан күре жолында Ислам революциясы Сақшылар корпусының қызметкерлерін тасымалдап бара жатқан автобусқа айуандықпен жасалған шабуылдың Иран халқы дұшпандары мен олардың қылмыскер жалдамалылары дәрменсіздігінің тереңдігін көрсететінін мәлімдеді.

ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани бейсенбі күнгі жолдауында: "Осы қатігез әрекетті жасаушылар мен оларды демеушілердің елдің қауіпсіздік және тәртіп сақтау күштерінің талпыныстарымен жуырда өз қылмыстарының сазайын тартатыны сөзсіз.

Бұл қылмыс терроризмнің нағыз демеушілері Ақ үй, Тель-Авив пен оның аймақтағы қолшоқпарларының тарихындағы тағы бір қара дақ болып қалады. Олар Ираннан үркіту саясатын ілгерілету үшін жасанды да масқара шаралар ұйымдастырып, Таяу Шығыста лаңкестікпен күресіп, қауіпсіздік орнатып жатырмыз деген уәж айтып отыр",-деді.  

 

Тегтер