Уаһабизм – ислам әлеміндегі жікшілдік пен қантөгістің факторы
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани: «Пәкістандағы Сауд Арабиясы қолдайтын тәкпіршілер бұл елдің Үндістан, Ауғанстан және тағы басқа шекаралас елдеріне дұшпандық шабуыл жасап, қиындық тудырып отыр. Пәкістан бұл істі дұрыс түсінуі керек»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғасем Солеймани бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Бабол қаласындағы шәһидтерді еске алу рәсімінде уаһабизмнің ислам әлеміндегі жікшілдік пен қантөгістің факторы екенін қуаттап: «Пәкістан үкіметі мен халқы Сауд Арабиясы ақшаларының тәкпіршіл лаңкестердің қолына түсіп, Пәкістанды ислам әлеміне қарсы қоюға рұқсат бермеуі қажет екенін түсінуі керек»,- деді.
Құдс күштерінің қолбасшысы Сауд режимі мақсатының Пәкістанды бейберекеттікке итермелеу екенін айтып: «Пәкістан Үкіметі мен Армиясы Сауд Арабиясына бірнеше миллиард доллармен Пәкістанды шекаралас елдермен қақтығысқа түсуге рұқсат етпеуге міндетті. Пәкістан – Иранмен дос ел. Сондықтан ешкім Иранды сынақтан өткізбегені жөн,- деп қуаттады.