Иран жаңа Airbus ұшақтарын сатып алды
Ақп 25, 2019 11:25 Asia/Almaty
Иранның Homa әуе компаниясының атқарушы директоры Фарзане Шарафбафи Иран ұшақтарына қосылған Airbus 319 үш ұшағының The Finance жүйесі арқылы қаржымен қамтамасыз етілгенін хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Homa әуе компаниясы құрылуының 57 жылдығымен бір мезгілде қатарына Airbus 319 үш ұшағының қосылу рәсімінде сөз сөйлеген Фарзане Шарафбафи: «Жуырда сатып алынған Airbus 319 үш ұшағы 2002 жылы шығарылған. Олардың қаржысы The Finance жүйесі арқылы қамтамасыз етілді. Еуропалық мемлекеттерге ұшу рұқсатына ие ұшақтардың қатарымызға қосылуымен 380 ұшақ орнын арттырдық»,- деді.
Тегтер