Иран лазерге қарсы қару шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41421-Иран_лазерге_қарсы_қару_шығарды
Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Алиреза Тангсири Иранның америкалық лазерлі қару-жарақ пен сол елдің ұшқышсыз ұшақтарына қарсы қару шығарғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2019 10:36 Asia/Almaty
  • Иран лазерге қарсы қару шығарды

Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Алиреза Тангсири Иранның америкалық лазерлі қару-жарақ пен сол елдің ұшқышсыз ұшақтарына қарсы қару шығарғанын хабарлады.

Адмирал Алиреза Тангсири «Тасним» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің әртүрлі кеме шығару мүмкіндігіне ие екенін мәлімдеп: «Қазіргі таңда Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің өнеркәсіп орталығында бақылау жүргізіп, зымыран тасымалдай алатын кемелер жасалады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы жақын арада зымыран, торпедо және тікұшақпен жабдықталған 65 метрлік кемелер шығарады»,- деді.