Еуропалықтардың қауіпсіздігі Иранның талпыныстарына қарыздар
ИИР Сыртқы істер министрі баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми: «Еуропалық үкіметтер мен олардың қауіпсіздік қызметтері қазіргі қауіпсіздіктерінің Иранның лаңкестікпен күресінің нәтижесі екенін жақсы біледі»,- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми Париж және тағы басқа еуропалық елдердің астаналарындағы қатігездік әрекеттер мен бейберекеттіктерге тоқталып: «Иранның аймақтағы лаңкестікпен шынайы күресінің нәтижесінде Сирия жерінің көбі мен Ирак лаңкестердің қолынан азат етілді. Алайда лаңкестікті толық жеңу үшін шынайы ерік-жігер мен әлемдік талпыныс қажет»,- деді. Ғасеми сондай-ақ, Австралия ақпарат құралдарының АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Иранға қарсы коалиция құру үшін Канберраға сапар шегетінін хабарлағанын тілге тиек етіп: «Бұл Болтон үшін жаңа іс емес. Джон Болтон Иранға қарсылық білдіру деген ауруға шалдығып, қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Ол дұрыстап емделуі керек»,- деді.