Иран Мәжілісінің Төрағасы Трамптың Голан жоталары туралы сөзін айыптады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ Президентінің Голан жоталарындағы Израильдің егемендігін мойындаған сөзін айыптады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани Трамптың басып алынған Голан жоталары туралы сөзін адамгершілік негіздері, халықаралық құқық пен халықаралық қарараларға қайшы деп атады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Трамптың әлем мемлекеттері мен қоғамдық пікірге қарсы ұстанымын Батыс Азия аймағының бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін қатерлі санап, халықаралық қауымдастық пен Парламентаралық одақтан аймақтағы келесі апаттың алдын алу үшін шара қолдануды сұрап: «Ақ үйдің сионистік режим мен нәсілшілдікті ойланбай қолдауы Жаңа Зеландия мешітіне жасалған жуырдағы лаңкестік шабуыл секілді оқиғалардың негізгі факторы болып табылады»,- деп баса айтты.