Иран аймақтың қауіпсіздігін бірінші бұзбайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41771-Иран_аймақтың_қауіпсіздігін_бірінші_бұзбайды
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами өз елінің аймақ қауіпсіздігін бірінші болып бұзбайтынын, бірақ қоқан-лоққы жасалса, жауап қайтаратынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 10, 2019 10:53 Asia/Almaty
  • Иран аймақтың қауіпсіздігін бірінші бұзбайды

Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами өз елінің аймақ қауіпсіздігін бірінші болып бұзбайтынын, бірақ қоқан-лоққы жасалса, жауап қайтаратынын қуаттады.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами Majles ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізу әрекетіне реакция білдіріп: «Егер Ислам революциясының Сақшылар корпусы аймақтағы лаңкестермен күреспегенде, қазір әлемнің жағдайы өзгеше болатын еді»,- деді. Бригада генералы Амир Хатами АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шешіміне қатысты Теһранның қолданатын шарасына тоқталып, Иранның Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің халықаралық қауымдастыққа АҚШ-тың үстінен шағым түсіретінін айтты.