Помпеоның «Иран Венесуланың ішкі істеріне араласады» деген уәждері күлкілі
(last modified Mon, 15 Apr 2019 08:30:23 GMT )
Сәу 15, 2019 14:30 Asia/Almaty
  • Помпеоның «Иран Венесуланың ішкі істеріне араласады» деген уәждері күлкілі

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Моусави АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның «Иран Венесуланың ішкі істеріне араласады» деген уәждерін күлкілі деп атап, оны айыптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Аббас Моусави: «Трамптың Америкасы 19 ғасырдағыдай Латын Америкасын өзі билейтін аймаққа айналдырғысы келеді. Олар әлем мен Латын Америка халықтарының оянғаны мен уақыттың кейін қайтпайтынына немқұрайдылық білдіреді»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Венесуэладағы ирандық мамандар туралы: «Ирандық мамандар Венесуэла үкіметінің шақыруымен су және электр тоқ жүйелерін жақсартуға көмектесіп жатыр. АҚШ болса Венесуэланың 30 миллиард валюталық қорын талан-таражға салып, бұл халықты экономикалық лаңкестікпен душар етті»,- деді.