Егер Иран мұнайы Ормуз бұғазынан өтпейтін болса, басқа елдердің мұнайы да өтпейді
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал Бағери егер Иран мұнайы Ормуз бұғазынан өтпейтін болса, басқа елдердің мұнайы да өтпейтініні баса айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал Мохаммад Бағери жексенбі күні Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшылары, басшылары мен директорларының 23-ші жалпыхалықтық форумында сөйлеген сөзінде: «Иран кемелері де басқа елдердің кемелері сияқты Ормуз бұғазынан өтіп жүр. Бірақ, егер біреу бұл бұғаздың қауіпсіздігін бұзса, Иранның оған қатаң қатынас көрсететіні анық.
Егер дұшпанның әрекеттері Иранды Ормуз бұғазын жабуға мәжбүр етпесе, бұғазды жабуды мақсат тұтпайды.
АҚШ кемелері Ормуз бұғазында Ислам революциясы Сақшылар корпусының сұрақтарына жауап беруге міндетті. Олар бұл бұғаздың қауіпсіздігін сақтау кімнің мойнында екенін біледі»,-деді.