Maм 11, 2019 17:09 Asia/Almaty
  • Нью-Йорк фотосурет фестивалінің жүлдесі ирандық фотосуретшіге табыс етілді

Ирандық фотосуретші Нью-Йорк фотосурет фестивалінде АҚШ фотосуретшілері ұйымының (PSA) "Манхеттен" жүлдесіне ие болды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ирандық фотосуретші Алма Моншибағанның "Кесене" атты туындысы "Манхеттен-Нью-Йорк-2019" фестивалінде PSA-дің қола жүлдесін алды.

Фотосурет өнері халықаралық федерациясы мен АҚШ фотосуретшілері ұйымының  ұйымдастыруымен өткізілген осы фестивальда  аталмыш федерацияның Ирандағы өкілдігі "Фокус" клубына мүше фотосуретшілердің туындылары әртүрлі бөлімдерге қабылданған болатын.

Тегтер