Зариф: Иран – аймақтағы ең қауіпсіз ел
Maм 15, 2019 12:59 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: «Иран – аймақ мемлекеттері үшін ең қауіпсіз және ең тұрақты ел»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Түркіменстан мен Үндістан сапарларында бұл елдер басшыларымен сындарлы келіссөздер өтті. Таяу Шығыс аймағында көршілес өмір сүретіндер өздерінің ұлттық мүдделеріне бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық арқылы жететіндерін біледі. Иран осы кезде ең әсерлі, ең тұрақты әрі ең қауіпсіз серіктес»,- деп қуаттады.
Тегтер