Фалахатпише: Ұлыбритания Иранмен қатынаста шыншыл емес
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы: "Ұлыбритания СІМ-нің Иранның шетелдік азаматтарға және қос азаматтыққа ие адамдарға қауіптілігі туралы соңғы мәлімдемесі бұл ел үкіметінің шыншыл еместігін көрсетеді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хешматулла Фалахатпише: "Ұлыбритания мен Батыстың кейбір елдері әрдайым Иран мен ирандықтарға қарсы саяси кеңістік тудыруды көздеп келеді",-деп еске салды.
Фалахатпише, сондай-ақ, ИИР басшыларының исламдық рақымшылдықтың шетелдік азаматтармен қарым-қатынаста басты критерий екенін сан рет мәлімдегенін айтып: "Иран әртүрлі елдермен осындай азаматтарға қатысты әріптестік жасауға әзірлігін ұдайы айтып келеді. Иран соты – тәуелсіз орган. Оған саяси мәселелер әсер етпейді",-деді.
Дүйсенбі күні Иранның сот органы мәдени шаралар аясында Иранның әртүрлі салаларына енуге тырысқан қос азаматтыққа ие бір тыңшының сотталғанын хабарлады.