Maм 21, 2019 18:36 Asia/Almaty
  • Камалванди: Иранның уранды 3,67 пайызға байыту әлеуеті төрт есе артты

Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы елінің уранды 3,67 пайызға байыту әлеуетінің төрт есе артқаны туралы тоқталып, жақын арады бұл мөлшердің 300 кг асатыны туралы хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Беһруз Камалванди журналистердің алдында: "Уран байытудың төрт есе артуы ИИР-ның қолында бар центрифугалармен оның мөлшерін одан сайын асыра алатынын көрсетеді",- деді. Ол Ислам республикасының ғылыми тұрғыдан  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан пайдалануы туралы қуаттап: "Егер еуропалықтар уран байыту мүмкіндікті қазіргі деңгейде сақтағысы келсе, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асырулары керек",- деп қосты.

 

Тегтер