Иран Мәжілісінің өкілдері: Сионистік режим ғұмырының кері санағы басталды
Иран Мәжілісінің өкілдері Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында жасаған бір мәлімдемеде: "Сионистік режим ғұмырының кері санағы басталды. Бұл басқыншы режимнің тағдыры – жойылу",-деді.
Иран Мәжілісінің өкілдері жексенбі күнгі мәлімдемелерінде сионистік режимнің Палестинаға қарсы қылмыстарын айыптап: "Қазір басқа кезден күштірек болып тұрған қарсыласу қозғалысы сионистік режимнің түбіне жетеді",-деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдемеде: "Ғасыр мәмілесі" саяси-жарнамалық жобасын жасау, АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру, Голан жоталарын ресми түрде тану, Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау – осының бәрі нәтиже бермейтін қияли талпыныстар болып табылады",-делінген.
Иран Мәжілісінің өкілдері, сондай-ақ, Палестина халқына жан-жақты қолдау көрсететінін жариялап, мұсылмандардың жуырда бірлік намазын әл-Ақса мешітінде оқитынына сенім білдірді.
Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруі 2019 жылдың 31 мамырында, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың рамазан айының 26 күні Иран және әлемнің басқа елдерінде өткізіледі.