Құдс күні – шындықтың жалғандыққа қарсы шығуы көрінісі
Иранның исламдық үгіт-насихат кеңесі Құдс күнің шындықтың жалғандыққа қарсы шығуы көрінісі деп атады
Иранның исламдық үгіт-насихат кеңесі Дүниежүзілік Құдс күнінің қарсанында: «Құдс күні – мұсылмандардың сионистік режимге қарсылығы және Иранның әлемдік сионизмнің Палестина мәселесін ұмыттыру лас саясаттарына қарсы табандылық білдіруінің көрінісі. АҚШ басқарған билеп-төстеуіші жүйенің Палестина армандарына қарсы дұшпандық саясаттарының күшеюі, әсіресе «Ғасыр мәмілесі» жобасының кертартпа басшылардың қолдауына ие болуына байланысты биылғы Құдс күнінің маңыздылығы екі есе артуда»,- деп жариялады. Иранның исламдық үгіт-насихат кеңесі өз мәлімдемесінде барлық азаттық талап етушілерді Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне жаппай қатысып, қасиетті Құдс пен Палестинанына зорлық-зомбылық көрген халқының интефазасын қолдап, «Ғасыр мәмілесі» деп аталған шайтандық қастыққа қарсылығын жариялауға шақырды.