Рухани: Иран халқы Құдс пен зорлық-зомбылық көрушілерді еш уақытта жалғыз қалдырмайды
(last modified Wed, 29 May 2019 12:05:07 GMT )
Maм 29, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы Құдс пен зорлық-зомбылық көрушілерді еш уақытта жалғыз қалдырмайды

ИИР Президенті Иран халқының Құдс пен тарихтағы зорлық-зомбылық көрушілерді еш уақытта жалғыз қалдырмайтынына тоқталып: "Иран халқы алдағы жұмада да Құдс күні шеруіне шығып, жеңіске жеткенше, залымдарға қарсы тұратынын жариялайды",- деді.

Хасан Рухани бүгінгі Үкімет отырысында: "Палестина мен Құдс - барлық мұсылмандардың қарсыласуының және Израиль - мұсылман халықтарға зорлық-зомбылық жасағылары келетін дүниежүзі шапқыншыларының нышаны",- деп қуаттады.

ИИР Президенті Йемен мен Палестинаның жәбір көрген халықтарының қасиетті рамазан айын қиын жағдайда өткізулеріне тоқталып: "Йемен мен Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халықтары шапқыншылардан қорықпайды, олар жанкештілігі, табандылығы және құдыретімен дұшпандарды артқа шегінуге мәжбүрлейді",- деп қосты. Рухани осы кезде палестиналықтардың басқыншылардың зымыранына зымыранмен жауап қайтарулары туралы баяндап: "Кезінде Палестина халқы өзін қорғау үшін тек тасты пайдаланатын. Бірақ осы күні өзінің ішкі талпынысы, жанкештілігі және өнеркәсібінің арқасында сионистерді артқа шегінуге мәжбүрлеуде",- деді. Рухани "Ғасыр мәмілесі" жобасының оны ұсынып отырғандарды сәтсіздікке ұшырататынына тоқталып: "Бүгінгі қастық тек Палестина халқына қарсы ғана емес, Батыс Азия аймағына қарсы",- деп баса айтты.

 

Тегтер