Дүниежүзілік Құдс күнінің қорытынды мәлімдемесі Палестина армандары мен қарсыласу майданын қолдайтынын қуаттады
(last modified Fri, 31 May 2019 10:53:04 GMT )
Maм 31, 2019 16:53 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік Құдс күнінің қорытынды мәлімдемесі Палестина армандары мен қарсыласу майданын қолдайтынын қуаттады

Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесі Құдсты азат ету, Палестинаның қорғансыз халқын сионистік басқыншылардың қолынан босату және Израиль режимін жою талпынысты ислам әлемінің мақсаттарынан деп атады.

Теһранда өткен Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне қатысушылар бұл мәлімдемесінде қарсыласу майданына жан-жақты қолдау көрсетіп, АҚШ Президентінің исламдық елдерге қарсы сұм жобаларына шынайы қарсыласуды жалғастыратынын қуаттады. Шерушілер мәлімдемесінің жалғасында «Ғасыр мәмілесі» деп аталған америкалық қастық пен кейбір араб мемлекеттерінің заңсыз сионистік режиммен қарым-қатынас орнатулары мен Бахрейннің Манамасындағы сионистік-америкалық сырт көзге экономикалық отырысын айыптады. Бұл мәлімдемеде АҚШ адамзаттың басты дұшпаны деп аталып, Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы, залым санкцияларды күшейтуі мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының лаңкестік ұйымдар тізіміне тіркеуін айыптады.

 

Тегтер