Рухани Қазақстанның жаңа Президентін құттықтады
Маусым 11, 2019 21:02 Asia/Almaty
ИИР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті болып сайлануымен құттықтады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбіде Қазақстаннның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберген жолдауында: «Екі елдің ортақ мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту саласындағы жан-жақты қарым-қатынастары Тоқаевтың міндеті кезінде бұрынғысынан кеңейіп, тереңдейді»,- деп үміттенді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жексенбіде кезектен тыс сайлауда 6 үміткермен сайысқа түсіп, көпшілік дауысқа ие болып, жеңіске жетті.
Тегтер