Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 14 Jun 2019 16:58:45 GMT )
Маусым 14, 2019 22:58 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ-пен келіссөз жүргізудің еш пайдасы жоқ. Иран халқы экономикалық қысымдар астында ешқашан келіссөз жүргізбейді",-деді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізу арманын өзімен бірге көрге алып кететінін  айтып: "АҚШ басшылары, соның ішінде Дональд Трамп, Джон Болтон мен Майк Помпео бастаған сұрқия үштікте адалдық жоқ. АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екені туралы уәждер – нағыз өтірік. Өйткені Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңында Иранды келіссөз үстеліне тарту арқылы дауыс жинағысы ғана келеді",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Иранның ядролық мәселе жөніндегі келіссөздер тәжірибесін қайталамайтынын айтып: "Ислам революциясы жетекшісінің Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуінде айтқан сөздері оның қырағылығы мен көрегендігін көрсетеді. АҚШ-тың жолдауын қабылдамау тәкаппар Трамптың мысын басу болып саналады",-деді.

Аятолла Хатами Сауд әулетінің Йемен халқын қырып-жоюна тоқталып: "Қырып-жою мен талан-таражға салу жайлы сөз бола қалған кез келген жерде саудиялықтардың аты аталады. Бұл режим Йеменнің инфрақұрылымын жойып, мыңдаған жазықсыз бала мен әйелдерді өлтірді",-деді.

Тегтер