Ислам революциясының жетекшісі: Күрдістанда адамдар жанпидалықпен шәһид болды
(last modified Thu, 20 Jun 2019 19:56:08 GMT )
Маусым 21, 2019 01:56 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Күрдістанда адамдар жанпидалықпен шәһид болды

Ислам революциясының жетекшісі: «Иранның күрд күрескерлері шетелдік дұшпандармен күресумен қатар революцияға қарсылар мен де соғысқан еді. Сондықтан Күрдістан аймағында шәһид болғандарда жанпидалық пен шынайы талпынастар көбірек байқалды», деді.

Ислам революциясының жетекшіс хазірет аятолла Хаменеи  17 маусымда өткен Күрдістан облысының 5400 шәһидін еске алу конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде Күрдістан халқының басқа бір артықшылығының  діни және тайпалық қайшылықтар тудыруға бағытталған қастандықты залалсыздандырғаны екенін айтып: «Иран – тайпалық алуандық тұрғысынан теңдессіз ел. Әртүрлі ұлттар «Иран» деген ұлы есімнің астында біртұтас Иран халқы ретінде тату‑тәтті өмір сүріп жатыр»,‑деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Дұшпандар басынан‑ақ ИИР‑ды құлату үшін діни және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды мақсат тұтқан, бірақ Күрдістан мен Батыс Әзірбайжандағы мүмін де қырағы халық бұл қастандықты залалсыздандырып, революцияға қызмет етіп, дұшпанның сағын сындырды»,‑деді.

Аятолла Хаменеи: «Халық, әсіресе жас ұрпақ Ислам революциясының тұғырын бекемдеп, дамытып, мерейін асыру  жолында осы шәһидтердің қандай талпыныстар жасағанын білуі керек»,‑деді.

Тегтер