Зариф: «Б тобы» Трампты соғысты бастауға жақындатты
(last modified Mon, 24 Jun 2019 08:12:33 GMT )
Маусым 24, 2019 14:12 Asia/Almaty
  • Зариф: «Б тобы» Трампты соғысты бастауға жақындатты

Иран Сыртқы істер министрі «Б тобының» АҚШ Президентін соғыс майданына жақындатқанын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «MQ9 ұшқышсыз ұшағының шабуылы, торпедолар сатып алу мен танкерлерге жасалған шабыулды Иранмен байланыстыруды көздеген телефон арқылы байланыс орнату «Б тобының» АҚШ Президенті Дональд Трампты соғыс майданына жақындатқанын дәлелдейді. Бірақ Трамп абайлап, соғыстың алдын алды»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі бұдан бұрында сан рет «Б тобы» мүшелерінің Трамптың Иранға қарсы әскери қақтығысқа итермелеулері туралы ескерткен болатын.

«Б тобы»:  сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху, Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман, Біріккен Араб Әмірлігі  тақ мұрагері Мұхаммад бен Заид және Ақ үйдің қауіпсіздік мәселелер жөніндегі  кеңесшісі Джон Болтон.