"Ғасыр мәмілесі" жобасына байланысты конференция өткізу – ұятты оқиға
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы "Ғасыр мәмілесі" жобасына байланысты өтетін Манамадағы экономикалық конференцияны ұятты оқиға деп атады.
Сейед Аббас Мусави дүйсенбіде жергілікті және шетелдік журналистермен өткізетін апталық баспасөз брифингінде Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабы тілшісінің Манамадағы экономикалық конференция, америкалық-сионистік "Ғасыр мәмілесі" жобасы туралы сұрағына: "Ислам әлеміндегі қайшылықтарды арттырып, Палестина армандары мен бұл халықтың құқылары және Құдс мәселесін ұмыттыруды көздейтін отырыстың өтуі ұятты оқиға",- деп жауап берді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: "Бейбітшіліктің орнына ақшаны ұсынатын отырыс ешбір нәтижеге жетпейді және айыпталуға тиесілі",- деп қуаттады. Мусави Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байланысты еуропалықтарға 60 күн мұрсат бергеніне тоқталып: "Иран Еуропаны күтпеді және келешекте де күтпейді. Дос елдермен екіжақты кеңесулер өткізіп, бұл салада сауда, қаржы және банкілік механизмдер реттелуде",- деп қосты. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуі туралы: "Санкциялар ешбір нәтижеге жетпеді, АҚШ-тың уәждері - ішкі және шетелдік қоғамдық пікірге әсер етуге талпыныс жасау",- деді.