Шіл 08, 2019 15:22 Asia/Almaty
  • Ирандық қажылардың бірінші тобы Сауд Арабиясына аттанды

Ирандық 220 қажы бүгін, дүйсенбіде Теһранның имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайынан Сауд Арабиясының Медине қаласына аттанды.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, ирандық қажылардың бірінші тобын шығарып салу рәсімінде діни басшының қажылық және зиарат істері жөніндегі өкілі әрі ирандық қажылардың көшбасшысы Сейед Абдолфаттах Навоб қажылардың халық елшілері және қажылық кезіндегі үстемшілердің қастықтарын залалсыздандырушылар екеніне тоқталып: «Бүгінге дейін бірлігімен дұшпандардың барлық қастықтарын залалсыздандырған Иран халқының ғиззаты мен күш-қуатының арқасында бұл ел осы кезде әлем үшін өз сөзін айтуда»,- деді.  

Биылғы қажылыққа 86550 ирандық қатысады.

 

Тегтер