Шіл 15, 2019 13:42 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін еуропалықтардың шынайы жігері мен іс-қимылы қажеттілігін қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі Нью-Йоркке келіп түскен кезде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін еуропалықтардың шынайы жігері мен іс-қимылы қажеттілігін қуаттады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ-ның Экономика және әлеуметтік кеңесі жоғары  басшыларының жылдық саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған Мұхаммад Джавад Зариф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін еуропалықтардың тек қызығушылық білдіруілері жеткілікті емес  екеніне тоқталып: «Еуропалықтар бұл халықаралық келісімді сақтап қалу үшін инвестиция салулары керек. Бірақ осы кезге дейін бұл істің куәсі болмадық»,- деді. Зариф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуы туралы: «АҚШ тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан ғана емес, АҚШ Конгресімен бекітілген Орта қашықтық ядролық күштер шарты INF келісімі, Солтүстік Американың азат сауда келісімінен шықты»,- деп қосты. Зариф АҚШ-пен келіссөз жүргізу жөнінде: «Иран келіссөзден кетпеді, Келіссөз жүргізуге дайын. АҚШ заңсыз әрі біржақты түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты. Осы кезде келіссөзге оралу немесе оралмау АҚШ-қа байланысты»,- деді.

 

Тегтер