Зариф Қосылмау қозғалысы отырысына қатысу үшін Каракасқа аттанды
(last modified Sat, 20 Jul 2019 10:58:28 GMT )
Шіл 20, 2019 16:58 Asia/Almaty
  • Зариф Қосылмау қозғалысы отырысына қатысу үшін Каракасқа аттанды

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Нью-Йорк сапары аяқталған соң Қосылмау қозғалысы үйлестіру кеңесі министрлері отырысына қатысу үшін Венесуэла астанасы Каракасқа енді.

Венесуэла осы кезде Қосылмау қозғалысының кезеңдік басшысы. Қосылмау қозғалысы 1961 жылы Шығыс пен Батыс блоктерінің арасындағы қырғи-қабақ соғысы жоғары деңгейіне жеткен кезде Югославия астанасы  Белградта құрылды. Осы кезде әлемнің 120 мемлекеті, яғни БҰҰ-на мүше елдердің  шамамен 2/3 бөлігі және әлем халқының 55 пайызы Қосылмау қозғалысын құрайды. Бұл ұйым халықаралық қоғамда маңызды рөл атақара алады. Саяси тұрғымен бірге экономикалық тұрғыдан да Қосылмау қозғалысы күш-қуатты ұйым саналады. Жазушы әрі саяси мәселелер маманы Абуәлқасым Қасымзаде бұл салада: «Қазіргі кезде аймақтық, әсіресе экономикалық келісімдер сондай белсенділік білдіріп, бұрынғы кездің ұйымдарының немесе одақтарының көбі аймақтық келісімдерге қосылуда. Егер Батыс және Шығыс Азия аймақтарын алатын болсақ, Шығыс Азияда бұл аймақтағы елдердің экономикалық өзгерістері мен дамуларына жан-жақты әсер ете алатын құдыретті аймақтық келісімдер орын алды. Батыс аймағында дағдарыстар мен соғыстардың салдарынан бұл аймақтың елдері аймақтық келісімдер арқылы бірігу үдерісін бастамады»,- деді. Қосылмау қозғалысының отырысы аймақтық қарым-қатынастарда әскери араласушылық пен билеп-төстеу күннен күнге артып келе жатқан жағдайда өтуде. Экономикалық полюстер құрудын орнына әскери полюстер құру көңіл-күйлер аймақтың кейбір үкіметтерінің ойлары мен әрекеттерінде басым байқалады. Бұл ой-пікірлер мен әрекеттердің өткен жылдардағы әсерлері Батыс Азия аймағындағы көптеген оқиғаларға себеп болды.  Бұл оқиғалар әлемдік алпауыттардың біржақты және көбірек қару сату арқылы пайда көру саясаттарының нәтижесі болды. Бұл үдеріс соғыстарды бастау, қайшылықтар мен қатыгездікті арттыру  және аймақ елдері арасын арандатуға әкелді.

ИИР АҚШ пен кейбір еуропалық елдердің өтіріктеріне қарамастан еш уақыта әлемдік бейбітшілікке қарсы болмады. Иранның көзқарасынша, кейбір мүшелерінің қастықтары немесе басқаларының осалдығына қарамастан Қосылмау қозғалысы өз мақсаттарын алға ілгерлету саласында жақсы мүмкіндіктерге ие. Әлемнің өзгерістері Қосылмау қозғалысының әлемдік өзгерістер, әсіресе бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту және билеп-төстеушілердің алдында халықтар құқыларын шынайы қорғауға қатысуы қажетті болып табылады. Бұл тұрғыдан Иран Сыртқы істер министрінің Қосылмау қозғалысы отырысына қатысуы Иранның бұл Қозғалыстың әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін маңызды рөлі туралы көзқарасын баяндауға  жақсы мұрсат болып табылады.