Шейх Закзакиге медициналық жедел көмек керек
(last modified Mon, 22 Jul 2019 03:53:31 GMT )
Шіл 22, 2019 09:53 Asia/Almaty
  • Шейх Закзакиге медициналық жедел көмек керек

Иранның медицина ғылымдары қоғамы БҰҰ-ның кеңсесі мен Теһрандағы Нигерия елшілігіне хат жазып, Нигерия Исламдық қозғалысының жетекшісі Закзакиді емдеу үшін жедел шара қолдануды сұрады.

Tasnim хабар агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның медицина саласының ғалымдары хатта Нигерия Исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзакидің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, сол ел армиясының мұсылмандарға жасаған шабуылы мен Нигерияның мыңға жуық мұсылманын жаралаған әрекетін айыптады.

Иранның медицина ғылымдары қоғамы шейх Ибраһим Закзакидің жағдайына қатысты ескерту жасап, халықаралық мәдени, БАҚ және құқық саласының белсенділерінен Нигерия Исламдық қозғалысының жетекшісін емдеу жағдайына көңіл бөлуді сұрады.

Нигерия Исламдық қозғалысының жетекшісі қазір дәрігерлердің көмегі мен емделуден кенде қалып отыр. Ол ешкіммен байланыса алмай, өзінің науқас зайыбымен бірге түрмеде жатыр.

 

Тегтер