Шамхани: Иран АҚШ тың қысымдарына тізе бүкпейді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әрі Ислам революциясы жетекшісінің өкілі Теһранның АҚШ тың қысымдарына тізе бүкпейтінін мәлімдеді.
Әли Шамхани NBC News арнасына берген сұхбатында АҚШ‑ты басқыншы әрі аймақтағы қайшылықтардың басты себепшісі деп атап: «Халық Ислам республикасын қолдап отырғандықтан АҚШ‑тың өткен 40 жылда Иранға қарсы жасаған барлық қастандықтары мен қысымдары жеңіліске ұшырады»,‑деді.
Шамхани: «Иранға санкция салғандағы мақсат келіссөз емес, бізді тізе бүгуге мәжбүрлеу. АҚШ осындай қатынас ұстануын тыймайынша, біз келіссөз жүргізуге ұмтылмаймыз»,‑деді.
Шамхани, сондай‑ақ, Иранның ядролық қаруларға қол жеткізуді көздемейтінін, өйткені мұндай қарулардың исламда харам екенін қуаттап, осындай қаруы бар Израиль сияқты режимдерде қауіпсіздік орнамағанын айтты.