Рухани: Иран мен АҚШ-тың екіжақты келіссөзі туралы мәселе ешбір кезеңде баяндалмады
ИИР Президенті Иран мен АҚШ-тың екіжақты келіссөзі туралы мәселенің ешбір кезеңде баяндалмағанын қуаттады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Хасан Рухани Ислам Кеңесі Мәжілісінің Білім және тәрбие, сондай-ақ Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлері міндеттеріне ұсынылған үміткерлердің жарамдылығын қарастыру отырысында ішкі қарсыласу мен белсенді дипломатияны Иран үкіметінің стратегиясы ретінде атап: «Ислам революциясының дұшпандары АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғысының 30 жыл бұрынғы әскери соғыс сынды нәтижеге жетпейтінін біледі. АҚШ пен оның одақтастары осы кезде жеке қалып, Иран халқы өзін әлем халықтары және тіпті әлемнің алпауыт құдыреттерімен бірге сезінеді»,- деді. Рухани бір жыл стратегиялық сабыр сақтаған соң Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саясатты бастағанына тоқталып: «Егер Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындамаса, ИИР міндетті түрде аталмыш келісімдегі міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамын іске асырады»,- деп сөзін жалғады.