Қыр 19, 2019 17:11 Asia/Almaty
  • Ирактық қызметшілер имам Хомейниге (р.) құрмет білдірді

1200 ирактық қызметші хазірет имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, ИИР-ның негізін қалаушыға құрметтерін білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирактық қызметшілердің өкілі сейіт Амер әл-Мусави 1200 ирактық қызметшімен бірге Ислам революциясының жетекшісімен кездескеннен кейін сәрсенбі күні хазірет имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, ИИР негізін қалаушының қабіріне гүл дестесін қойып, құрмет білдірді.

Әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Аба Абдулла әл-Хұсейннің (ғ.) арбағин-қырқында қызмет етушілерді құрметтеуге арналған басқосу 15-17 қыркүйекте Мешхед және Құм қалаларында Ирак пен Иран халықтарының бірлігі мен тілеулестігін одан ары нығайту және Хұсейннің қырқы күнгі жаяу шерудің жолдауын әлем халықтарына жеткізу мақсатында өткізілді.  

Тегтер