Қыр 23, 2019 19:45 Asia/Almaty
  • Рухани Нью-Йоркке аттанды

ИИР Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясына қатысуды көздеген Нью-Йорк сапары бүгін, дүйсенбіде басталды.

 

Руханидің Нью-Йорк сапары пікір-таластар тақырыбына айналған қиындықтардан басталып, тіпті Иран тарапы сапарға бармау жағдайды да қарастырды. Бірақ осы кезде Иран Президенті Нью-Йоркке аттанды. Енді барша ИИР Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясына қатысуының нәттижелерін көргісі келеді. АҚШ осы кезде Иранға қарсы Қауіпсіздік кеңес қарарын  әшкере бұзу болып табыладын ең күшті санкцияларды енгізді. Сондықтан әлемдік қоғам  БҰҰ-нан бұл санкцияларға шынайы қарсылығын білдіруін күтуде.

ИИР Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясына қатысуы Трамптың халықаралық қоғамдағы заңсыз әрекеттерін дағдарысқа тірейтін мұрсат бола алады. Бұл саладағы осыған дейінгі отырыстардың тәжірибесі БҰҰ Бас ассамблеясы трибунасының бүкіл әлемдік оқиғалар туралы айтатын тәуелсіз жер бола алмайтынын көрсеткенімен, Бас ассамблеясы сессияларының аясындағы дипломатиялық кездесулер мен баспасөз сұхбаттар, сондай-ақ әртүрлі елдердің саяси делегацияларының келіссөздері шындықты баяндайтын мұрсат бола алады.  

Халықаралық мәселелер маманы Мәһди Закариан биылғы жылғы БҰҰ Бас ассамблеясының кеңістігі туралы: "БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясына байланысты маңызды мәселе ретінде осы күнге дейін аталмыш ұйымның осындай әлсірегенін көрмедім. Расында бір жылдан артық уақыт бойы БҰҰ АҚШ тарапынан әртүрлі тіл-тигізулермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл үдеріс Трамптың Ақ үйдегі үш жылдық билігінің нәтижесі. Күн сайын БҰҰ беделінің төмендеуін куәсі болудамыз",- деді.

Осы кезде әлемдік экономика заңсыз санкциялармен бетпе-бет келіп, санкциялар экономикалық лаңкестіктің құралына айналды. Бұл қоқан-лоққылардың алдында үнсіз қалуға болмайды. АҚШ-тың біржақты әрекеттері өте қатерлі салдарлағы ие болуы мүмкін. Өйткені Вашингтон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеясының қарарларына немқұрайдылық білдіріп, оларды бұзуға дейін барып отыр. Бұл әрекеттер бейбітшіліктін құлдырағанын білдіріп қана қоймай, БҰҰ мәртебесін түсірді.

ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысып, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Иранның анық ұстанымын мәлімдейді.


 

 

Тегтер