«13 абан» шеруінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
(last modified Mon, 04 Nov 2019 11:12:50 GMT )
Қар 04, 2019 17:12 Asia/Almaty
  • «13 абан» шеруінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Иранның түкпір-түкпірінде өткен «13 абан» шеруіне қатысушылар мәлімдеме жариялап АҚШ пен одақтастарының қастықтарына қарсы белсенді қарсыласудың діни міндет және Ислам революциясының өзгермейтін армандарының бірі екенін қуаттады.

Ирандағы "Әлемдік үстемшілдікпен күрес" ұлттық күні «13 абан» шеруінің қорытынды мәлімдемесінде: «Иран халқы құлдырап бара жатқан АҚШ-ты адамзаттың бірінші дұшпаны және кейбір еуропалық елдердің басшыларына сенуге болмайды деп санайды»,- деп айтылды. Шеруге қатысушылар палестиналықтардың күресін, Сауд режиміне қарсы Йеменнің Ансаролласының батылдығын, Бахрейн мен Нигерияның езілген халқы мен Хизболла мен аймақтың түкпір-түкпіріндегі қарсыласу ағымдарын қолдайтынын жариялады. Иран халқы мәлімдемеде АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимінің халықтың талап-тілектерін өз мүдделеріне пайдаланып, Ливан мен Иракта бейберекеттік тудырып, исламдық елдер мен қарсыласу ағымының арасына жік салудағы қастықтарын айыптады.