Қар 14, 2019 18:02 Asia/Almaty
  •  Палестина мен Құдс – ислам әлемінің ең маңызды тақырыбы

ИИР президенті Палестина мен Құдс Шәріпті ислам әлемінің ең маңызды мәселесі деп атап: «Ислам әлемінің қоғамдық пікірі дұшпандарға Палестина мен Құдс Шәріп тақырыбының ұмытылуына рұқсат бермейді», - деді.

 

Иран Ислам Республикасы президентінің ақпарат торабының мәліметі бойынша Хасан Рухани бүгін бейсенбі күні Теһранда «Ислам бірлігі» отыз үшінші халықаралық конференциясының ашылу рәсімінде Америка мен сионистік режим саясаттарының ислам әлемінің оянуы мен қырығылығының арқасында сәтсіздікке ұшырағанын айтып: «Ауғанстан, Ирак пен Йеменнің мазлұм халықтарының қазасы, ислам еллдерінде алауыздық пен жік тудыру – Американың аймақтағы сұм қастандықтарының салдарлары», - деді. Рухани Палестинаның палестиналықтар мен осы аймақтың қаһарман мұсылмандарының қолымен азат елітуі керек екенін айтып: «Жастар Американың аймақ халықтары мен мұсылмандардың досы болмағанын, болмайтынын ұғуы керек. Аймақ мәселелерін аймақтың халқы өзі шешіуі керек», - деді
Иран президенті осы рәсімде Ислам мазхабтарын жақындастыру әлемдік ассамблеясының он екі таңдаулы кітабын да таныстырды.

 

Тегтер