Қар 16, 2019 16:45 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: «Израильдің жойылуы» тіркесінің мағынасы

Ислам революциясының жетекшісі ислам әлемінің қиыншылығын, әсіресе Палестинаның өкінішті жағдайының себебін ислам бірлігінің әлсіздігі деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи кеше жұма күні Иранның жүйе басшылары мен «Ислам бірлігі» конференциясының қонақтарымен кездесуде ислам әлемінің қазіргі қиындықтарының себебін қайшылықтан аулақ болу деген негізге табандылық танытпаудың, ортақ дұшпанға қарсы бірікпеудің салдары деп атап: «Бүгін ислам әлемінің ең үлкен қиындығы бір халықты өз үйі мен отанынан жер аударып, босқынға айналдырған Палестина мәселесі» деді.

ИИР раби әл-аууал айының 12-17 аралығын «Бірлік аптасы» деп атау арқылы бұл шараның саяси емес, керісінше қиындықтарды шешу үшін мұсылмандардың бірлігінің әсерлігіне деген сенім екенін көрсетті. Бұл мәселе өткен қырық жылда Иранның жоғары басшыларының үнемі назарында болды.      

ИИР-ның бұл қатынасы зұлымдық, үстемшілдік пен басқыншылықты қатаң теріске шығарып, айыптайтын ислам дінінің болмысынан басталады. Үстемшіл елдердің Иранмен әшкере дұшпандығының негізі себебі бұл елдің тек бір ислам мемлекеті болғаны үшін ғана емес. Дұшпандар исламның негізі мен барлық ислам еліне қарсы.

ИИР-ның Палестинаның мазлұм халқын қолдаудағы ұстанымдары мен саясаты Палестина халқын сионистердің зұлымдығы мен басқыншылығынан құтқару үшін ешқандай шектеуі жоқ пәк ислам дінінің негізінен бастау алған.

Палестина халқы өткен жетпіс жылда сионистер тарапынан әрдайым зұлымдық көріп, басқыншылыққа ұшырап келеді. ИИР бұл мәселенің жалғыз шешім жолы Палестина жерінің негізгі иелерінің өздерінің тікелей әрекет жасауы деп атады.  Бұл демократиялық әрі заңды әрекет болмақ.

Алайда дұшпандар «сионистік режимнің жойылуы» деген тіркестің мағынасын өзгерту арқылы оны «еврей халқын жою» деп бұрмалауда. Әлем халықтарының санасына осылай құйып, «Иран еврейлерге қарсы» дейді. Ирандық еврейлер көп жылдар бойы ислам республикасында тыныштық пен толық қауіпіздікте өмір сүріп жатыр.

Ислам революциясы жетекшісінің «Израильдің жойылуы» деген анықтамасы сионистік жалған режимнің жойылуы деген мағынаны білдіреді. Палестина халқы, мұсылмандары, мәсихиі мен яһудиі өздері қалаған үкімет сайлап, жатжерліктер мен Нетаньяху сияқтыларды қуып шығып, өз елдерін өздері басқаруы керек. Бұл болатын оқиға.   

Ислам өлкелерінде дқұшпандардың зұлымдығы мен басқыншылығының аяқталуы шынайы бірлікпен байланысты. Бұл маңызды іс тек ислам елдерінің жариялаған ұстанымдарымен жүзеге аса қоймайды. Ислам бірлігіне жетіп, оны сақтау ислам әлемінің қазіргі мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.   

Ислам мазхабтары мен ислам үкіметтері алғашқы қадамда  дұшпандықтан бой тартып, бір-біріне соққы беруді қойып, келесі қадамда ортақ дұшпаның алдында бірігу арқылы шынайы ислам бірлігін орната алады. Нәтижесінде Палестинаның, Батыс Азиядағы Йемен мен Бахрейннен бастап Солтүстік Африкадағы  қазіргі қиын жағдайды тоқтата алады.

 

Тегтер