Теһран халқы бүлікшілерді айыптап шеруге шықты
(last modified Mon, 25 Nov 2019 12:15:36 GMT )
Қар 25, 2019 18:15 Asia/Almaty
  • Теһран халқы бүлікшілерді айыптап шеруге шықты

Теһран халқы дүйсенбі күні көшелерге шығып, бүлікшілердің бүлдіргі әрекеттерін айыптады.

Теһран халқы осы шеруде "АҚШ-қа өлім!", "Израильге өлім!", "Бүлікшілерге өлім!" деген ұрандар айтып, исламдық Иранның қауіпсіздігі мен абырой-айбынының сақталуын қолдайтынын білдірді.

Теһран халқы шерулерде Ислам революциясы жетекшісінің сөзін қолдайтын ұрандар айтып, қоғамдық мүліктерге зиян тигізген бүлікшілердің әрекеттеріне жиреніш білдірді.

15 қарашада Иранда бензин бағасын өзгерту жобасы орындалғанда Теһран мен елдің басқа қалаларында халықтың бейбіт наразылықтары болды. Бірақ алдын ала жаттығудан өткен бүлікшілер наразы халықтың ортасына кіріп, қоғамдық және жеке мүліктерге, тіпті банктерге, жедел жәрдем мен қоғамдық көліктерге зиян келтірді.

 

 

Тегтер