Салами: Дұшпан Иранның «қызыл сызығын» аттап өтсе, жойылады
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы бригада генералы Салами дұшпанның Иранның «қызыл сызығынан» өтсе жойылатынын баяндап: «Иран халқының мүлкі, жаны мен абыройына шабуыл жасаған кез келген адам қатаң жазаланады»,- деп қуаттады.
Бригада генералы Хосейн Салами кеше дүйсенбі күні Теһран халқының алдында сөйлеген сөзінде: «Иранда соңғы күндері орын алған бүлік дұшпанның өткен 40 жылдағы әртүрлі алаңдардағы Ислам үмбеті мен Иранның ұлы халқынан көрген бүкіл сәтсіздіктерінің салдары»,- деді. Салами сондай-ақ Ислам революциясы жетекшісінің дұшпанның Иран, Сирия, Ирак пен Ливандағы қастандықтарын залалсыздандырудағы рөлін мадақтап: «Ислам революциясының жетекшісі азаттық, табандылық және қарсыласу дәрістерін үйретіп, ислам жерлерін үстемшілерге қарсы азаттық пен ғиззат талап ететін жиһад майданына айналдырды»,- деп баса айтты.