Иран президенті мен үкімет мүшелері Қудс күні шеруіне қатысты
ParsToday- Иран президенті Қудс күні шеруіне қатысып, зорлыққа қарсы наразылық үндерімен алаңға шыққан халықтың әртүрлі топтары өкілдерімен бірге жүрді және олардың кейбіреулерімен әңгімелесті.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иран президенті Масуд Пезешкиян жұма күні америкалық-сионистік жауынгерлік қастандықтарға қарсы күрестің шешуші кезеңінде, иманды, революцияшыл және өз тағдырын шешуші халықпен бірге Құдс күнінің үлкен шеруіне қатысты.
Өткен жылдарға қарағанда ерекше айтулы өткен осы рәсімде, министрлер мен үкімет мүшелері де Иран президентімен бірге, халықпен бірге тұрып, дипломатиялық және қорғаныс мүмкіндіктеріне сүйене отырып, күресті жалғастыруға және ақиқат майданға қолдау көрсетуге баса назар аударды.
Халықтың шеруге жаппай қатысуы исламдық Отан америкалық және сионистік режимнің адамгершілікке жат агрессиясы мен бомбалауларына ұшыраған жағдайда орын алды. Бірақ зымырандар мен жаудың мағынасыз қауіп-қатерлері Иран халқының болат еркін әлсіреткен жоқ, керісінше, биылғы жылғы шеруді қасиетті Құдспен азаттық идеалымен келісімді қайта жаңартудың бірегей сахнасына және әлемдегі үстемшілерге қарсы ұлттық бірлікті көрсетуге айналдырды.