Рухани: Иран халқы дұшпандардың қастандығына мойынсұнбайды
ИИР президенті Рухани ел халқының дұшпандардың қастандықтарына қарсы Ислам революциясы мен жүйенің армандарын қорғау үшін алаңға шығуына алғыс айтып: «Иран халқы әлемдіктерге бөтен елдердің қастандықтары алдында мойынсұнбай, табындылық танытатынын көрсетті», - деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының Әкімшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дұшпандар 2018 жылдың басынан оқу-жаттығу жүргізіп, қару-жарақ жіберіп, Иранның жағдайын бұзу үшін орасан бағдарламаны жүзеге асырды. Иран халқы өздерінің қауіпсіздігі мен намысын, тәуелсіздігі пен ғиззатын сақтау үшін қырағылық және жанкештілікпен алаңға шығып, дұшпанның үмітін үзді»- деді. ИИР президенті елінің бензин бойынша өз-өзін толық қамтамасыз ететінін айтып: «Иранда бензин өндірісі күніне 52 млн литрден 107 млн литрге жетті», - деді.