Рухани Қазақстан республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жел 16, 2019 16:22 Asia/Almaty
ИИР Президенті Хасан Рухани Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ел Тәуелсіздігінің 28 ші жылдығымен құттықтады.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауында: «Ортақ әріптестік аясында кеңесулер жалғасып, ИИР мен ҚР‑ның екіжақты, аймақтық және халықаралық салалардағы байланыстарының одан ары дамуына куә болатынымызға үміттенеміз.
Өткен отыз жылда өзара мүдделер аясында екі ел арасында ынтымақтастықты дамыту ИИР‑ның ҚР‑мен әртүрлі салалардағы қарым‑қатынасында маңызды рөл атқарды»,‑деді.
Қазақстан республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында Кеңес одағынан бөлініп, тәуелсіздігін жариялады.
Тегтер