Арақчи: Теһран ешбір деңгейде Вашингтонмен келіссөз жүргізбейді
(last modified Wed, 18 Dec 2019 10:31:08 GMT )
Жел 18, 2019 16:31 Asia/Almaty
  • Арақчи: Теһран ешбір деңгейде Вашингтонмен келіссөз жүргізбейді

Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Теһранның ешбір деңгейде Вашингтонмен келіссөз жүргізбейтінін қуаттап: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, келіссөздерді жаман әрі сәтсіз тәжірибеге айналдырды»,- деді.

 

Сейед Аббас Арақчи Қытайдың CGTN арнасына берген сұхбатында Теһранның АҚШ-қа сенбейтінін қуаттап: «Иран еш уақытта қысым жағдайда келіссөз жүргізбейді»,- деп баса айтты. Арақчи Иранда 8 тыңшының қамалғаны туралы хабар жөнінде: «Кейбір мемлекеттер Иран халқының бензин бағасының көтерілуіне байланысты наразылықтарын басқа жаққа бұрмалап, елде тынышсыздық пен бейберекет орнатқысы келді. Бірақ Иранның қауіпсіздік күштері Орталық барлау Басқармасы және басқа тыңшылық ұйымдармен байланысты адамдарды тұтқындады»,- деді.

 

Тегтер