Мусави: Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы резолюция қабылданбайды
(last modified Fri, 20 Dec 2019 04:26:30 GMT )
Жел 20, 2019 10:26 Asia/Almaty
  • Мусави: Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы резолюция қабылданбайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави Канаданың БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясына ұсынған Ирандағы адам құқығы жағдайы резолюциясын қабылдамай, оны айыптады.

Сейед Аббас Мусави адам құқығы нормаларының барлық түріне мән бермейтін, лаңкестік пен әсірешілдіктің қолдаушылары, адамның негізгі құқықтарын бұзып отырған сионистік шеп пен аймақтағы кертартпа режимдердің осы резолюцияны жақтауын Иранға қарсы ұсынылған адам құқығы резолюциясы заңсыздығының айқын дәлелі деп атады.  

Мусави сөзін жалғап: «Діни демократия жүйесіне ие ИИР мазхабтық және ахлақтық міндеттеріне, Конституция мен халықаралық келісімдерге  табандылығы шеңберінде адам құқығын ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде дамыту бағытында қадам басып, іс жүзінде де өзін соны сақтауға міндетті санайды», - деп баса айтты.